Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда кітапханасында Абайға арналған кітап көрмесі ашылды

Қызылорда кітапханасында Абайға арналған кітап көрмесі ашылды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыс орталығындағы Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жыл бойы жұмыс жасайтын «Кемеңгерліктің биік шыңы – Абай» атты кітап көрмесі ашылды.Кітап көрмесі «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Әлем классиктері – Абай аудармаларында», «Абайдың философиялық дүниетанымы», «Үңілсең көзің жете ме, теңізден терең сыры бар...» атты бөлімдерден тұрады.
Көрмеге ақынның шығармаларымен қатар, белгілі абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлының «Абайтану» кітабының 2 томдығы, «Даңқты адамдар» сериясынан «Абай», М.Әуездің «Ділім», Б.Ердембековтің «Абайтану», «Абай - Пушкин» шығармалары қойылды. Сондай-ақ, Заки Ахметовтің «Абай и Лермонтов», «Жизнь замечательных людей» сериясынан Н.Анастасьевтің «Абай», Д.Досжановтың «Абайдың рухы», Р.Сыздықованың «Абай шығармаларының тілі» кітабының 3 томдығы және өзге де дүниелер көпшілік назарына ұсынылды.
05 ақпан 2020 ж. 43 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области