Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада Тәуелсіздік күніне орай жас ақындар мүшайрасы өтті

Қызылордада Тәуелсіздік күніне орай жас ақындар мүшайрасы өтті

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысымен «Мәртебелі Қазақстан» қоғамдық қоры  «Мақтанышым, айбарым, желбіре, көк байрағым!» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасын өткізді. Байқауға 16-22 жас аралығындағы Қызылорда қаласы мен аудандарда,  жоғары және арнаулы орта оқу орындарында іріктеуден өткен,  барлығы 16 талапкер қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің 2-курс студенті Бексұлтан Санақұл Бас жүлдені жеңіп алды.  Жаңақорған ауданындағы С.Сапарбеков атындағы №124 орта мектептің 11-сынып оқушысы Сержан Айтжан І орынды, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың 3-курс студенті Шернияз Жалғасбекұлы ІІ орынды, Жалағаш ауданындағы №114 орта мектептің 9-сынып оқушысы  Мерей Бауыржанқызы  ІІІ орынды иеленді.
Ынталандыру сыйлығына Қазақ гуманитарлық заң және техникалық жоғары колледжінің 3-курс студенті Аружан Ахат,  Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың 2-курс студенті Сәния Жақыпова және Шиелі ауданындағы №150 қазақ орта мектебінің 11-сынып оқушысы Ердәулет Қалиев ие болды.
Байқау жеңімпаздары басқарманың дипломы және ескерткіш сыйлықтармен марапатталды.
13 желтоқсан 2019 ж. 131 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области