Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада мүмкіндігі шектеулі жандарға құрмет көрсетілді

Қызылордада мүмкіндігі шектеулі жандарға құрмет көрсетілді

Kyzylorda-news.kz. Облыс әкімі Қ.Ысқақовтың қатысуымен А.Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде халықаралық мүгедектер күніне арналған «Армансыз күнім болмайды» атты салтанатты шара ұйымдастырылды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Қазіргі таңда өңірімізде 30 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жандар тұрады. Бұл халықтың 3,7 пайызын құрайды. Оның 4 мыңы балалардың үлесінде. Бүгінде ерекше қажеттілігі бар жандарға әзірленген жеке оңалту бағдарламаларының орындалуына бюджеттен бөлінетін қаржы көлемі жылдан жылға артуда. Аймақта оңалтудың жеке бағдарламалары 82,6% орындалған ал, республикада бұл көрсеткіш 59% құрап отыр.
Аймақ басшысы мүмкіндігі шектеулі жандар арасында жыл бойы ұйымдастырылған шаралардың жеңімпаздарын марапаттады.
"Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсарту және құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі 2025 жылға дейінгі Ұлттық жоспар бекітілді. Ұлттық жоспар аясында 2020 жылдан бастап техникалық құралдармен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз етуді жақсартуға және оларды алу мерзімін қысқартуға, мүгедектігі бар адамдардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып өз бетінше таңдау мүмкіндігін беретін Әлеуметтік қызметтер Порталы енгізіледі",- деді облыс әкімі Қ.Ысқақов.
Сондай-ақ, шарада ерекше жандар "Белсенді спортшы", "Белсенді орындаушы", "Белсенді көркем сөз шебері", "Белсенді қол-өнер шебері", "Үздік үкіметтік емес ұйым", "Белсенді үкіметтік емес ұйым", "Мүгедектігі бар тұлғалардың шығармашылығын белсенді насихаттаушы", "Белсенді демеуші", "Үздік өнерпаздар ұжымы" номинациялары бойынша облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.


03 желтоқсан 2019 ж. 156 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области