Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада «Әлем таныған тұлға» атты кітап көрмесі ашылды

Қызылордада «Әлем таныған тұлға» атты кітап көрмесі ашылды

Kyzylorda-news.kz. Тұңғыш Президент күніне орай Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Әлем таныған тұлға» атты кітап көрмесі ашылды.«Ұшқан ұя ұлағаты» деп аталатын 1-бөлімде оқырмандар Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық шағы мен өскен ортасы туралы деректермен танысты. Одан бөлек, «Дәуірдің дара тұлғасы», «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан», «Елбасы және Елорда» атты бөлімдерде бейбіт өмір, қоғамдық келісім, саяси-экономикалық тұрақтылық орнатқан Ұлт көшбасшысына арналған отандық және шетелдік авторлардың жазбалары қойылған. Жалпы кітапхана қорында Тұңғыш Президенттің тәуелсіздікті тұғырлы, егемендікті еңселі ету кезеңдері қамтылған 125 аталым бойынша 900 дана әдебиет бар. Көрмеге келген сырбойылықтар әсіресе, жергілікті публицист жазушы Айтбай Сәулебектің «Құрыш тұлға» кітабы мен «Көш бастаған Елбасы» атты фотоальбомдар жинағына қызығушылық танытты.
«Бұл тарихи-танымдық кітапта Елбасының әріптестері, замандастары мен үзеңгілес достарының естеліктері мен ой-толғаулары топтастырылған. Жалпы біз қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштықты бағалауымыз керек. Бейбіт өмір арқасында рухты жастар тәрбиелеп отырмыз. Тұңғыш Президенттің болмысы мен ерен еңбегі кейінгі ұрпаққа үлгі болуы тиіс», - дейді Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана директоры Нұржамал Мырзамұратова.
29 қараша 2019 ж. 41 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области