Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАС СУРЕТШІНІҢ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАС СУРЕТШІНІҢ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ


    Қызылорданың көркемсурет галереясында жас суретші Дәулет Ділдәбектің «Алғашқы қадам, тұңғыш астанам» атты жеке шығармашылық көрмесінің ашылу рәсімі өтті, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.
    «Туған жер» жобасы аясында өткізіліп отырған шараға Қызылорда облысының зиялы қауым өкілдері, өнер қайраткерлері, студенттер және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен қала тұрғындары қатысты. Көрмеге суретшінің 40-тан астам кескіндемелік шығармалары қойылды.   
    Дәулет  Ділдәбекұлы 1988 жылы 26 қаңтарда Қызылорда облысы Қазалы ауданында дүниеге келген. Қазір өнер студиясын, жасөспірімдерге сурет үйірмелерін ашып, осы бағытта қызмет етіп келеді.
    Дәулет - келешегінен үлкен үміт күттірген жас қылқалам шеберлерінің бірі.  Көрме 6 қарашаға дейін жалғасады.   
    Айта кетейік, Қызылордада 6 қазаннан бері «Туған жер» жобасы аясында түрлі шаралар өтіп жатыр.   


20 қазан 2017 ж. 559 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области