Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада Өзбек этносының мәдени күндері өтті

Қызылордада Өзбек этносының мәдени күндері өтті

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен Өзбек этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен «Сыр елі – достық мекені» жобасы аясында Достық үйінде өзбек этносының мәдени күні аталып өтті.
Шараға облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Л.Төрешова, этномәдени бірлестік басшылары мен белсенділері, еңбек ардагерлері, студент жастар қатысты.
Этнос күні аясында Достық үйінің фойесінде өзбек этносының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, мәдениетін суреттейтін ұлттық әшекей бұйымдарынан, өрнекті ыдыс-аяқтарынан, тұрмыста пайдаланылатын заттарынан, ұлттық нақыштағы киімдерінен көрме әзірленді.
Сонымен қатар арнайы Шымкент қалалық өзбек драма театры өнерпаздарының мерекелік концерті ұсынылды. Мерекелік концерт барысында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Л.Төрешова өңірдің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген өзбек этномәдени бірлестігінің бірқатар белсенділерін Алғыс хатпен марапаттады. «Өз еңбекқорлығымен Сыр елінің дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан тарихы тамырлас екі халықтың достығы ежелден беріктігін бұзған емес. Бүгінгі мерекелік концертте біз өзбек ағайындарымыздың өнерден бөлек, мәдениетінен сыр шертетін ұлттық нақыштағы қолөнер көрмесін тамашаладық. Өнерпаздардың өнеріне тәнті болдық. Осы сәтті пайдалана отырып, Қахар Алимович басқарып отырған облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің белсенді мүшелеріне алғысымды білдіргім келеді», - деді.
Концертте Шымкент қаласынан келген өзбек этносының ән-би ұжымдары өнер көрсетіп, ұлттық аспаптарында түрлі композициялар орындады.


14 қараша 2019 ж. 181 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области