Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Әбдіжәміл Нұрпейісов «Алтын қалам» әдеби сыйлығына ие болды

Әбдіжәміл Нұрпейісов «Алтын қалам» әдеби сыйлығына ие болды

Kyzylorda-news.kz. Алматыда «Алтын қалам» әдеби сыйлығының қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Алтын қалам» әдеби сыйлығы 10 жылдан бері өткізіліп келеді және жыл сайын 6 номинация бойынша жеңімпаздарды анықтайды.
Биылғы жүлдегерлердің есімі Алматыда Ықылас атындағы музыкалық аспаптар мұражайында жарияланды. Байқауға Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Украина, Израиль, АҚШ, Молдова және Германиядан барлығы 397 автордан 778 шығарма түсті.
Жұмыстар 2019 жылғы 15 наурыздан 15 қыркүйекке дейін қабылданып, оқырмандар 1 қазанға дейін дауыс берді.
Сыйлық жеңімпаздары арасында жақында ғана 95 жылдық мерейтойын атап өткен, халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов те бар. Ол «Қазақ әдебиетіне қосқан елеулі еңбегі үшін» номинациясында «Алтын қалам» иегері атанды.
Сыйлық лауреаттары: «Қазақ әдебиетіне қосқан елеулі еңбегі үшін» - Әбдіжәміл Нұрпейісов;
«Жылдың үздік поэзиясы» - Дәурен Тілеухан (Ақтөбе), Ольга Кувшинникова (Өскемен);
«Жылдың үздік прозасы» - Гүлнәр Ізтаева (Шымкент), Куаныш Жиенбай (Нұр-Сұлтан);
«Жылдың үздік киносценарийі және драматургиясы» - Қуаныш Жиенбай (Нұр-Сұлтан), Ксения Евдокименко (Алматы);
«Жылдың үздік сатирасы» - Амандық Сағынтайұлы (Атырау), Ерлан Көшкінбаев (Алматы);
«Жылдың үздік фантастикасы және детективі» - Оралбек Бекболат (Кентау), Әлнұр Құрманғали (Алматы);
«Жылдың үздік балалар және жасөспірімдер әдебиеті «Дарабоз» - Қарлығаш Сарыбаева (Қарағанды), Ксения Евдокименко (Алматы);
Бұдан бөлек, «ZHERSU» инвестициялық-өндірістік корпорациясының 1 млн теңге сыйлығы және балалар жазушыларына арналған «Дарабоз» байқауының бас жүлдесі Қарлығаш Сарыбаеваға берілді.
Қазылар алқасында Досым Сәтпаев, Айдос Сарым, Арман Шораев, Нұржан Мұхамеджанова, Расул Жұмалы, Кенже Жұманұлы, Қуат Домбай, Бекнұр Қисықов, Байғали Есенәлиев, Ділдәгүл Нұрмаханбет, Татьяна Филипчик болды.
30 қазан 2019 ж. 58 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области