Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық жас өнерпаздар Қармақшыда дәстүрлі ән және күй орындауда сынға түсті

Қызылордалық жас өнерпаздар Қармақшыда дәстүрлі ән және күй орындауда сынға түсті

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының Қармақшы ауданында «Қорқыттан қалған қоңыр үн» атты балалар шығармашылығының өңірлік байқауы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталмыш шара Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Байқауға Қармақшы ауданы әкімдігі қолдау көрсетті. Оны өткізуге аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты К.Рүстембеков атындағы «Жыраулар үйі» ұйытқы болды. Қатысушылар дәстүрлі ән-жыр және күй өнерлері жанры бойынша бақ сынады.
Өнер бәйгесіне Арал, Қазалы, Сырдария және Шиелі аудандарынан барлығы 25 талапкер қатысты. Қазылар алқасының құрамында жырау, «Мәдениет саласының үздігі» Майра Сәрсенбаева, күйші, облыстық филармонияның әртісі Абылай Ысқақов, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының аудандық филиалының төрайымы Күлжауһар Раева болды.
Қазылар алқасының шешімімен дәстүрлі күй жанры бойынша қармақшылық Айшолпан Амантай бас жүлдеге ие болды. Дәстүрлі жыр жанрында кіші топ бойынша Абылай Құнанбайұлы, үлкен топ бойынша аралдық Жансая Файзуллақызы бас жүлде алды.
30 қазан 2019 ж. 41 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области