Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда көркемсурет галереясы Салихитдин Айтбаевтың туындыларымен толықты

Қызылорда көркемсурет галереясы Салихитдин Айтбаевтың туындыларымен толықты

Kyzylorda-news.kz. ҚР Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қызылорда қаласындағы көркемсурет галереясы белгілі суретші Салихитдин Айтбаев тұтынған тұрмыстық және шығармашылық заттармен толықты.

Сонымен қатар шығармашылық үйі суретшінің картинкаларымен толықты.
Осыдан 5 жыл бұрын ашылған көркемсурет галереясына қылқалам шебері Салихитдин Айтбаевтың есімі берілген болатын.
Суретші Салихитдин Әбдісадықұлы Айтбаев 1938 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Талантты кескіндемеші, график-суретші Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері атағына ие болған. Оның «Шопандар демалысы», «Бақыт», «Жас қазақтар», «Қонақ келді», «Ә.Әлімжанов», «Ана», «Әке», «Шопан», «Абай» атты туындылары бар.
Көркемсурет галереясындағы шараға арнайы келген суретшінің жұбайы Ләззат Қожабекова Салихитдин Айтбаев жайында естелік айтты.
09 қазан 2019 ж. 34 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области