Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Бекзат Саттарханов туралы фильм көрерменге жол тартады

Бекзат Саттарханов туралы фильм көрерменге жол тартады

Kyzylorda-news.kz. «Хабар» агенттігінің тапсырысымен Сидней Олимпиадасының чемпионы марқұм Бекзат Саттарханов туралы көркем фильм жуырда, еліміздің үлкен экрандарынан көрерменге жол тартады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Картинада жасындай жарқ еткен жас ғұмыр – Бекзаттың өмірі мен спорттағы жетістігі кеңінен суреттеледі.Туындының режиссері - Мұрат Бидосов, сценарийін Сержан Закерұлы жазған. «Бекзат» драмасын 3 қазаннан бастап,яғни бүгіннен бастап еліміздің кинотеатрларынан тамашалай аласыздар.
Фильмнің сюжеттік желісінде Бекзат Саттарханов өмірінің үш кезеңі қамтылады. Балалық шағы, боз бала кезеңі және өмірінің соңғы сәті. 90 жылдардың басындағы қиын-қыстау заманға тап келген Бекзаттың балалығы көп қиындықтармен өтеді. Түркістан қаласындағы темір жолды бойлай орналасқан шағын ауылдың қарапайым тіршілігі бала Бекзаттың көзімен бейнеленеді. Оның арманы, намысқой бітімі әр бір сәтте сыналып отырады.
Бірде ата-анасы Бекзатты күреске қатыссын деп бапкерге апарады. Онда Бекзат өзінің сергектігімен көзге түседі. Дегенмен күреске қатысқан баланың бойы өспей қалады деген түсінікпен оны боксқа ауыстырады. Бапкерімен танысқан күннен бастап, бұл спорт түріне ерекше зейіні ашылған Бекзат - күн сайын ерінбей жаттығып, алғаш рет Түркістанда өткен сайыста жүлделі орынға ие болады. Боз бала шағында Германияда өткен турнирде топ жарып, бапкерлер олимпиядаға даярлау жаттығуларына қабылдайды. 1999 жылы Ташкентте өткен бүкіл Азия біріншілігінде күміс жүлдеге ие болып, олимпияда ойындарына жолдама алады. Солай 2000 жылы Сиднейде тартысты ойындар өткізіп, алтын медальдың иегері атанады.
Фильмнің түсірілім жұмыстары Түркістан, Алматы және Ыстамбұл қалаларында өткен. Басты рөлді жас актер Самат Әзімқұлов сомдайды. Ол 2006-2007 жылдары кикбокстан жастар арасында екі рет Қазақстан чемпионы болған. Сонымен қатар туындыдан Ғалымбек Оспанов, Мұрат Жарылқасынов, Майра Мақұлбекова, Дулыға Ақмолда, Қуаныш Мұқатай, Бақдаулет Шаймахан және басқа да актерлерді көре аласыздар.
3 қазаннан бастап еліміздің кинотеатрларынан Бекзат Саттарханов туралы «Бекзат» көркем фильмін тамашалауға шақырамыз.
03 қазан 2019 ж. 27 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области