Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ІІІ Республикалық «Жас архивистер» конкурсында қызылордалық команда бас бәйгені жеңіп алды

ІІІ Республикалық «Жас архивистер» конкурсында қызылордалық команда бас бәйгені жеңіп алды

Kyzylorda-news.kz. 24-25 қыркүйек аралығында Қызылорда қаласында Жастар жылына орай Қазақстан Республикасы Президенті Архиві мен Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен ІІІ Республикалық «Жас архивистер» конкурсы өтті.

Конкурсқа Қазақстан Республикасы Президенті Архивінен және Алматы, Жамбыл, Түркістан, Атырау Батыс Қазақстан, Қызылорда облысынан 8 команда қатысты.
Екі күндік бағдарламаны қамтитын конкурста командалар 4 сайыстан додаға түсті.
Конкурстың бағдарламасы бойынша 2019 жылғы 24 қыркүйекте мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы М.Әбуова жас архивистермен кездесу өткізді. Кездесуден кейін жас архивистер командалары архив заңнамалары бойынша тест тапсырды және жаңадан берілген архив ғимаратымен, құжаттық көрмелермен танысты.
25 қыркүйекте Қызылорда қаласының сол жағалауына орналасқан Жастар ресурстық орталығында конкурс жалғасын тапты. Конкурсты облыс әкімінің орынбасары Н.Байқадамов ашып, командаларға сәттілік тіледі.
Бұл күні командалар «Архив жастары – болашаққа жол бастар» тақырыбында сәлемдесу, архив жұмысы туралы видеоролик және үйге берілген тапсырма «Біздің архивтің жеті қыры» тақырыбында сайысқа түсті.
Екі күнге созылған республикалық конкурста қазылар алқасының қорытындысымен жүлдегер командалар анықталды. Бас жүлдені Қызылорда облысының «Сыр жастары» командасы жеңіп алды. І орынды Қазақстан Республикасы Президенті Архиві «Жас қыран» командасы иеленсе, ІІ орынды Батыс Қазақстан облысы «Ақжайық» командасы, ІІІ орынды Алматы қаласының «Алатау жастары» командалары қанжығасына байлады.
Қатысқан командалар алғыс хаттармен марапатталды.
Айта кетейік, 2017 жылы Алматы қаласында өткен ІІ Республикалық «Жас архивистер» конкурсында Қызылорда облысының «Сыр жастары» командасы Бас бәйгені жеңіп алғанды.


26 қыркүйек 2019 ж. 758 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области