Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалықтар «Музей түнінде» тарихи-танымдық көрмелерді аралады (ФОТО)

Қызылордалықтар «Музей түнінде» тарихи-танымдық көрмелерді аралады (ФОТО)

Kyzylorda-news.kz. Облыстық «Jas Otan» Жастар қанаты және «Ақмешіт» музейі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Музей түні» кеші өтті. «Ақмешіт музейінде» өткен мерекелік шараға қала тұрғындары мен жастар қатысты.

Кеш барысында «Jas Otan» ЖҚ ҚОФ төрағасы Талғат Тілес сөз алып, қатысушыларды музей тарихымен танысуға шақырды. Сонымен қатар, қонақтар тарихи-танымдық көрмелерді аралап, этноауыл жұмыстарымен танысты. Фотосушка суреттерін тамашалып, арнайы фотозоналарда естелік суреттерге түсті және «Jas Otan» ЖҚ ҚОФ белсенділері ұйымдастырған ойын-сауық бағдарламаларына қатысты.
Қуанышты көңіл-күй сыйлаған «Музей түні» кешінде қала тұрғындары ризашылықтарын білдіріп, шараны алдағы уақытта қайта ұйымдастыру туралы ұсыныстарын жеткізді.


23 қыркүйек 2019 ж. 68 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области