Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Түркітілдес елдердің жастары Сыр елінде басқосуда (ФОТО)

Түркітілдес елдердің жастары Сыр елінде басқосуда (ФОТО)

Kyzylorda-news.kz. Жастар жылы аясында облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Жас Орда» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Түркітілдес елдер жастарының «Түркі әлемін тоғыстырған - Сыр елі» атты халықаралық фестивалі өтуде.

Оған еліміздің барлық өңірінен жиналған жастармен бірге Түркия, Татарстан, Қырғызстан, Башқұрстан және Әзербайжан елдерінің шығармашыл және өнерпаз жастары қатысып жатыр.
Халықаралық шараның мақсаты – түркітілдес елдер жастарының қарым-қатынасын нығайту, ортақ тарихы мен рухани құндылықтарын насихаттау, жастар саясатында оң бастамалар бойынша жастардың басын қосып, тәжірибе алмасу, ішкі туризмді дамытуға жаңа мүмкіндік ашу, қасиетті Сыр елі - киелі өлкенің тарихымен таныстыру.
Қатысушы қонақтар кеше «Рухани жаңғыру» мұражайымен танысуды бастап, облыстық тарихи өлкетану музейінде және қаланың сол жағалауында бой көтерген «Жастар орталығы» жаңа ғимаратында болды. Сонымен қатар, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы комитеті, облыстық ассамблеяның этно-мәдени орталығының жастары және облыстың белсенді жастарымен бірге кездесу өтті. Кездесуден соң жастар А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде ұйымдастырылған концерттік бағдарламасын тамашалады.
Үш күнге созылатын халықаралық фестиваль аясында секциялық жұмыстар мен бірқатар шаралар жалғасатын болады.



20 қыркүйек 2019 ж. 81 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области