Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада патриоттық ән фестивалінің жеңімпаздары анықталды (ФОТО)

Қызылордада патриоттық ән фестивалінің жеңімпаздары анықталды (ФОТО)

Kyzylorda-news.kz. Сыр өңірінде өткен «Әр жүректе – туған жер!» өңірлік патриоттық ән арт-фестивалі өз мәресіне жетті. Фестивальға 5 облыстан және Нұр-Сұлтан қаласынан келген жас қызметкерлер конкурстық бағдарламаға сәйкес өнерлерін ортаға салды.

Композиторлар, вокалдық шеберлік оқытушылары, мәдениет қайраткерлері мен қызметкерлерінен құралған қазылар алқасы қатысушылардың әншілік шеберлікке, таңдаған туындының мазмұндылығына, сахна мәдениетіне баға берді.
Қазылар алқасының шешімімен дуэт номинациясы бойынша 1 орынды иеленген «Қазақ елі» әнін орындаған Атырау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері болса, «Қазақтың ұлымын» әнін орындаған Қызылорда облысының Полиция департаменті 2 орынды, Ақтөбе облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы 3 орынды еншіледі.
Трио номинациясы бойынша жеңіс тұғырынан Қызылорда облысының Полиция департаменті көрінсе, 2 орынды Ақтөбе облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы, 3 орынды Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті иеленді. Квартет номинациясында Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті мен Қызылорда облысының Полиция департаменті үздік деп танылды.
Қарағанды, Тараз және Қызылорда қалаларында өткен өңірлік фестивальдің жеңімпаздары Петропавл қаласында 2019 жылдың 14-16 қазанында өтетін республикалық қорытынды фестивальге қатысатын болады.


11 қыркүйек 2019 ж. 97 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области