Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық айтыскер ақын балаларға арналған кітап шығарды

Қызылордалық айтыскер ақын балаларға арналған кітап шығарды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы Серғали Толыбеков атындағы №3 IT мектеп-лицейінің математика пәнінің мұғалімі Ержеңіс Әбді балаларға арналған "Ержеңістің ерекше есептері" атты кітап шығарды, деп хабарлайды Aqmeshit-zhastary.kz.

Кітаптың ерекшелігі сол ондағы есептер балалардың тез жаттап алуына болатын өлең түрінде берілген. Автор баланың ойлау қабілетін дамытатын есепті бір шумаққа сыйғызған.
Айта кету керек, Ержеңіс - айтыскер ақын. Республикалық, облыстық ақындай айтысының жүлдегері. Кітаптың әр беті баланы қызықтыратындай түрлі-түсті суреттермен безендірілген. Алғашқы бөлігі 1000 дана болып жарыққа шықты. "Бұл кітапты алған ата-ана не ұтады, оқыған, жаттаған және оны есептеп шығарған балаға нендей пайда?
Осы сұраққа жауап беріп көрейін:
1.Телефонға телмірген баланың назары кітапқа ауады.
2. Баланың логикалық ойлау дағдысы қалыптасады.
3. Тақпақ жаттау арқылы есте сақтау қабілеті артады.
4. Жұмбақтарды шешіп, есептерді талдау барысында отбасылық жайлы көңіл-күй қалыптасады.
5.Кітапта әр жұмбаққа бір суреттен салынды.
6.Бұл кітапқа екі суретші мен балалар психологы атсалысты.
7.Бұл кітап филология ғылымдарының докторы, математика ғылымдарының докторы және балалар ақындары мен математика пәні мұғалімдерінің кеңесімен мақұлданды", - деп жазды автор өзінің Facebook әлеуметтік желідегі парақшасында.


02 тамыз 2019 ж. 36 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области