Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Түркияны тамсандырған талант

Түркияны тамсандырған талант

Kyzylorda-news.kz. Түркияның Кемер қаласында «Күн астындағы әуен» IV халықаралық шығармашылық фестиваль-конкурсында хореография, музыкалық аспаппен орындау, вокал, жастар театры, көркем оқу, цирк өнері және т.б бойынша әлемнің талантты жастары бақ сынады. Фестивальге жаңақорғандық өнерпаз Сұлтанмахмұд Төлеген қатысып, табысты өнер көрсетті.

9 жасар Сұлтанмахмұд орындаушылық қабілетімен көпті тәнті етіп, жүлделі орынға ілікті. Ресей мен Түркияның бірлескен рухани-мәдени шарасында елдің абыройын асырған өнерпазды «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мажит Балқожаев қабылдап, құрмет көрсетті.
Бұған дейін «Ғұмырдария» халықаралық фестивалінде үш рет бас жүлдені еншіледі. Жалпы Сұлтанмахмұд қатысқан байқауларында жүлдесіз оралған емес. Оның талантын байқаған әнші Майра Ильясова концертіне арнайы шақырады. Сөйтіп әншінің Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласында өткен есепті концертінде ән шырқап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Биыл үшінші рет «Ғұмырдария» фестивалінде дара көрінген Сұлтанмахмұдқа шараның авторы Айман Тоқтарбекқызы Түркияда өтетін «Күн астындағы әуен»
байқауына жолдама береді.
– Түркиядағы фестиваль шілде айының бірінші жартысында өтіп, оған оннан аса мемлекеттен талантты жастар қатысты. Мен вокал бойынша бақ сынадым. Топта 29 үміткер болды. Халық әні «Дайдидау» әнін орындадым. Екінші кезеңде Жаяу Мұсаның «Ақ сиса» әнімен сахнаға шықтым. Бас жүлдені Якутия республикасынан келген 39 жасар Ульяна есімді келіншек алса, мен бірінші дәрежелі лауреат атандым, – дейді өнерпаз.
Талантты жастың өнер байқауларына дайындаған өнер мектебінің ұстазы Құралай Әлиева мен аудандық мәдениет үйінің тәлімгері Балауса Сахан апайларына алғысы шексіз.
Халықаралық «SHOW MIR» мәдени орталығының бас директоры Наталья Рядзапова: Соңғы 5-6 жылда қазақстандық өнерпаздар әлемді таң қалдыруда. Димаш Құдайбергеннің талантына бас иемін. Сұлтанмахмұдты да дұрыс баптаса әлемдік деңгейдегі орындаушыға айналады. Оның диапозонының кеңдігіне таң қалдым. Якутиялық өзінің солистік мол тәжірибесімен бас жүлдені алды. Дегенмен Сұлтанмахмұдтың орындаушылық қабілеті барлық қатысушыдан жоғары болды, – деп бағасын беріпті марапаттау сәтінде.
Кездесу барысында Мажит Балқожаұлы өнерпазға «Nur Otan» партиясы атынан Құттықтау хат тапсырып, музыка әлемінде биіктерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді.
Кездесу барысында ел ағасы, партиябелсендісі Алшынбай Тұртанов: «Қазақ таланттан қашанда кенде болмаған. Оған Әміре Қашаубаевтың Париж сахнасындағы өнерін, Димаш Құдайбергеннің әлемнің үздік салтанат сарайларындағы концертін айтуға болады. Сен де осындай биікті бағындыруыңа тілектеспін, – деп батасын берді.
Жас өнерпаздың ата-анасы Абайхан мен Кенжекүл Польшада өтетін халықаралық фестивальге шақырту күтіп отырғанын айтты.

29 шілде 2019 ж. 66 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области