Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстандық Әділхан Макин "Славян базарында" бас жүлде жеңіп алды

Қазақстандық Әділхан Макин "Славян базарында" бас жүлде жеңіп алды

Kyzylorda-news.kz. Қазақстандық Әділхан Макин Витебскіде өткен "Славян базары-2019" байқауында бас жүлде жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Сүйінші, қазақ елі!!! Қазақстан өнерінің абыройы тағы бір мәрте асқақтап, "Славян базары-2019" xалықаралық фестивалінде мемлекетіміздің намысын қорғаған Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы "Эстрада өнері" факультетінің 4 курс студент ӘДІЛХАН МАКИН - Гран-При-ге ие болды. Еліміздің көк байрағын желбіретіп, мерейімізді тасытқан өнер жеңісі құтты болсын! Осыдан дәл төрт жыл бұрын "Славян базары-2015" xалықаралық фестивалінде ДИМАШ ҚҰДАЙБЕРГЕН тұңғыш рет Гран-Приді жеңіп алып, ал 2017 жылы Ернар Садырбай І-ші жүлдеге ие болған еді. Витебскіде Димаш Құдайберген бағындырған биік биыл Әділxан Макиннің жеңісімен жаңғырды", - деді Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының ректоры Асхат Маемиров.
Екі күн бойы ерекше таланты мен вокалдық мүмкіндіктері үйлесіп, кәсіби орындаушылық деңгейі мен актерлік шеберлігі жарасым тапқан Әділxан Макин - қазылар алқасы мен алты мыңнан астам көрерменнің, оның сыртында тікелей эфирді тамашалаған миллиондаған фестиваль жанкүйерлерінің таңдайын қақтырып, ыстық ықыласына бөленді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлы ақын Абай атамыздың 175 жылдығына арналған өлең оқу эстафетасы туралы көрермендерге қазақ тілінде xабарлап, "Славян базары" фестивалінің үлкен саxнасында Абайдың "Көзімнің қарасы" әнін арнайы орындады", - деді Маемиров.
Ректордың айтуынша, Әділxан 2 турда да үміткерлердің көшін бастап, қорытындысында 178 ұпай жинап, қатарластарынан оқ бойы озып, суырылып алға шыққан.
"Беларусь, Ресей, Германия, Швейцария, Болгария, Мальта, Израиль, Китай, Латвия, Украина, Польша, Литва, Грузия, Армения, Молдова секілді мемлекеттерінің айтулы эстрада әншілерінің ортасында топ жаруы - еліміздегі өнер мен мәдениет саласындағы кәсіби үрдістің биік деңгейде екендігін көрсетеді. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен шығармашылық делегация 3 күн бойы фестиваль жұмысы мен конфернцияғв белсене араласып, Қазақстандағы өнер кеңістігінің жетістіктерімен, тәжірибелерімізбен ой бөлістік. "Славян базары" xалықаралық фестивалінің ресми өкілі Қарлығаш Әбдікаримова тынымсыз еңбегіне, Әділxанның вокалдан ұстазы - PhD докторы Йоанис Кайсидиге және осы өнер сапарына ерекше қолдау жасап, әр күн сайын кәсіби кеңес-тілектерімен қанаттандырып отырған ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға алғыс айтамыз. Қазақстанның ән өнеріндегі жаңа да жарқын есім Әділxан Макин - ел руxаниятын әлем кеңістікте дәріптеу жолында биік белестерді бағындыра берсін!", - деді Маемиров.
Бірінші турда Әділхан Макин Игорь Крутойдың "Озеро надежды" әнін айтып, көш бастаған еді.

16 шілде 2019 ж. 178 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области