Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сыр өнерпаздарының концерті өтті

Сыр өнерпаздарының концерті өтті

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық филармониясының Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар мен камералық оркестрі және «Сыр самалы» вокалды аспапты ансамблінің «Мәңгілік сарын» атты маусымдық жабылу концерті өтті.

Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында өткен кеште түрлі тақырыпта әндер шырқалып, ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мүсілім Әмзенің дирижерлық етуімен халық әндері мен елге белгілі композиторлардың шығармалары орындалды. Бұдан бөлек, Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрі мен «Сыр самалы» вокалды ансамблі кеш көркін қыздыра түсті. Сонымен қатар, «Астана Опера» опера және балет театрының солисті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бибігүл Жанұзақ, «Құрмет» орденінің иегері Самал Байсейітова, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Айдос Иманжаппаров, Назерке Нұраддинова, Айдана Наукеева, Ақнұр Аманбаева, Бағдат Құдайбергенов, Ақберген Тоғанасова және т.б өнер иелері жиылған көпшілікке ән мен биден шашу шашты.
25 маусым 2019 ж. 168 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области