Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада халықаралық симпозиумның жұмысы қорытындыланды

Қызылордада халықаралық симпозиумның жұмысы қорытындыланды

Kyzylorda-news.kz. Қызылордадағы С.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясында халықаралық симпозиумның жұмысы қорытындыланды. Шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысып, бейнелеу өнерінің майталмандарына шығармашылық табыс тіледі.

Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей мемлекеттері мен Қазақстанның барлық өңірінен қылқалам шеберлері келген симпозиумға көршілес өзбек елінен Дилорам Мамедова да келді. Сыр табиғатына тамсанған талантты жан мұнда салған картиналарының керемет шыққанына қуанышты. Болашақта мұндай әріптестік жандана түссе дейді.
Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Салихитдин Айтбаевтың атын иемденген галереядағы көрмеге ҚР Суретшілер одағынан 18 сурет әкелінген. Бұл бастаманың басы-қасында одақтың жауапты хатшысы Жамбыл Нәтбаев жүрді.
Айта кетейік, бұған дейін 500-ге тарта картинасы бар галерея қорына симпозиумнан соң 200 жұмыс қосылыпты. Бұл көрермен көрер сапалы дүниелердің көбейгені мен қолжетімдігін көрсетеді.
25 маусым 2019 ж. 173 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области