Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысындағы тікұшақ апаты: Бортта болған 13 адамның бәрі қаза тапты

Қызылорда облысындағы тікұшақ апаты: Бортта болған 13 адамның бәрі қаза тапты

Қызылорда облысындағы апатқа ұшыраған Ми-8 тікұшағының бортындағы 13 адам қаза тапты, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

«Жауынгерлік міндетін атқару кезінде ҚР Қарулы күштерінің тікұшағының апатқа ұшырауы салдарынан оқу-жаттығу кезінде бортта болған 13 әскери қызметші қаза тапты. Қазақстан Республикасының бүкіл Қарулы Күштері қаза тапқандардың туған-туыстарына қайғыра көңіл айтады. Қорғаныс министрлігінің басшылығы моральдық және материалдық көмек көрсету бойынша барлық шараларды қолға алады», - делінген министрліктің сайтында.
Еске сала кетсек, ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі бұған дейін Қызылорда облысының Жалағаш ауданында МИ-8 тікұшағы апатқа ұшырағанын хабарлаған болатын.
Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, аталмыш тікұшақ 4 бірдей әскери тікұшақ құрамынан тұратын бөліммен бірге Ақтау қаласынан Шымкентке ұшып бара жатқан. Ұшу сапары арнайы бөлімшелердің «Алтын жебе» кешенді оқу және жаттығу аясында қараңғыда әрі күрделі метеорологиялық жағдайда жүргізілген.
«Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың бұйрығымен апат орнына арнайы құрылған ҚР Қорғаныс министрлігінің комиссиясы жіберілді. Қазіргі уақытта төрт тікұшақтың екеуі Қызылорда қаласына қонды. Ал қалған бір тікұшақ оқиға орнына қайта оралды. Қорғаныс министрлігі Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, болған әуе апатының себебін анықтау мақсатында тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр», - делінген министрліктің хабарламасында.

28 наурыз 2019 ж. 99 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области