Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 10 ЖЫЛҒА БАС БОСТАНДЫҚТАРЫНАН АЙЫРЫЛДЫ

10 ЖЫЛҒА БАС БОСТАНДЫҚТАРЫНАН АЙЫРЫЛДЫ


    Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты сотталушылар 38 және 39 жастағы ағайындыларға  қатысты қылмыстық ісін қарап, айыптау үкімін жариялады.
    Ағайынды сотталушылар Орал қаласының тұрғындары адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, аса ірі мөлшердегі есірткі затын өткізу мақсатында заңсыз иеленіп, сақтап, тасымалдап, халық денсаулығына қарсы аса ауыр қылмыс жасаған.
    2017 жылдың 27 маусым күні Арал ауданында орналасқан «Арал-Шеп» бекетінде полиция қызметкерлері құжаттарды және автокөлікті кинолог маманмен қызметтік итпен тексеру кезінде сотталушылардың біреуінің қол сөмкесінен 1,13 гр. есірткі заты «гашиш» және автокөліктің артқы орындығының үстінен жалпы салмағы 2047,06 гр. есірткі зат «кептірілген марихуана» табылған.
    Сот үкімімен сотталушылар К. және М. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігінің 1,3-тармақтарымен (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен аса ірі мөлшердегі есірткі заттарды иемденіп, сақтап, тасымалдау) кінәлі деп танылып, әрқайсысының мүлкілері тәркіленіп, 10 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Жазаларын  қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеуге деп белгіленді.  
    Үкім заңды күшіне енген жоқ.
    Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі

19 қазан 2017 ж. 467 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области