Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЗАҢСЫЗ АҢ АУЛАҒАНДАР ҰСТАЛДЫ

ЗАҢСЫЗ АҢ АУЛАҒАНДАР ҰСТАЛДЫ


    2017 жылғы 21 қараша күні таңғы сағат 9.00 шамасында Қызылорда ОІІД Жергілікті полиция қызметі жол-патрульдік полиция ротасының қызметкерлері экологиялық қылмыстарға қарсы жедел жұмыстарды жүргізу барысында «Қызылорда-Жезқазған» тас жолының 12-шақырымында заңсыз аң аулауы мүмкін деген күдікпен бір автокөлікті тоқтатады. Көлік ішін тексере келгенде 54 қоян табылды.   Автокөлікке қарау жүргізу барысында автокөліктің жүксалғышынан 3 дана аңшы мылтығы заттай дәлелдеме ретінде алынды.
    Осы 4 азаматқа қатысты дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне  Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабымен тіркелді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.  




23 қараша 2017 ж. 280 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области