Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА КЕНЕ ШАҒУДАН БІР АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА КЕНЕ ШАҒУДАН БІР АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ


Тамыздың 2-мен 3-не қараған түні Жаңақорған аудандық жұқпалы аурулар ауруханасында конго-қырым безгегінен 1980 жылы туылған әйел көз жұмды. Бұл жыл басынан бері кене шағудан адам өлімі орын алған алғашқы жағдай. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Айна Мұхамбетова мәлімдеді.
– Азаматшаның дене қызуы көтеріліп, 29 шілде күні аудандық ауруханаға жатқызылды. Емдеу кезінде одан геморрагиялық белгілер пайда болған. Өкінішке қарай, кешенді емдеу шараларына қарамастан науқасты аман алып қала алмадық. Әйел үйінде мал асырайды екен, сиыр сауған, - деді Айна Мұхамбетова.
Сонымен қатар, жыл басынан бері облыста кене шаққан деп 938 адам шағымданған, өткен жылмен салыстырғанда 28%-ке аз.
Оның ішінде 9 конго-қырым безгегіне күдікті, 2 нақтыланды, 5 жағдай болжамды, 2 жағдай ықтималды.
– Анықталған екінші жағдай Қызылорда қаласында тіркелген. Бүгінгі таңда ол азамат облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында ем алуда. Оның жағдайы бірқалыпты, дене қызуы 36,7 °C, емін жалғастырып жатыр, - деді Айна Мұхамбетова.
Айта кету керек, тамыз-қыркүйек айларында кенелер өте белсенді болады. Инфекционист дәрігерлер осы аралықта тұрғындардың абай болуын ескертеді.
Облыс бойынша конго-қырым безгегінің табиғи ошағы 127 елді мекендерде орналасқан. Сол маңда жыл сайын жою шаралары жүргізіліп тұрады.
04 тамыз 2018 ж. 373 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области