Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР ҚАРАҚҰЙРЫҚ АТЫП АЛҒАН АҢШЫЛАРДЫ ҚҰРЫҚТАДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР ҚАРАҚҰЙРЫҚ АТЫП АЛҒАН АҢШЫЛАРДЫ ҚҰРЫҚТАДЫ


Шиелі АІІБ-нің жергілікті полиция қызметінің табиғатты қорғау полиция қызметкерлері мен «Охотзоопром» ӨБ РМҚК мамандарының бірлесіп жүргізген рейдтік шолу жұмыстары барысында заңсыз аң аулағандар құрықталды.
Сәуір айында Шиелі ауданы, Еңбекші ауылына қарасты Қосүйеңкі ауылынан 10 шақырымдай жерде «УАЗ» маркалы автокөлігі тоқтатылып, тексеру барысында көліктің ішінен 1 бас қарақұйрық аңымен қоса екі дана аңшы қарулары айғақ зат ретінде алынды. Оқиға орнында күдікті 3 аудан тұрғыны ұсталды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 337-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, іс 28-маусымда аудандық сотқа жолданды.
Ал 13 шілдеде аудандық соттың үкімімен заңсыз аң аулаған азаматтардың аңшы мылтықтары мен автокөлігі тәркіленіп, 3 жылға аңшылық қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, әрқайсысына пробациялық бақылау орнату арқылы 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі
04 тамыз 2018 ж. 411 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области