Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МАЛ ҰРЛАУШЫЛАР ЗАҢ БОЙЫНША ЖАЗАСЫН АЛДЫ

МАЛ ҰРЛАУШЫЛАР ЗАҢ БОЙЫНША ЖАЗАСЫН АЛДЫ


    Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен айыпталуышылардың үстінен  қылмыстық ісі қаралды.
    Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы 2017 жылдың қазан айында «Зил-131» маркалы автокөлігімен Арал ауданы, Сазды елді-мекеніне қарасты малды ауылдан өзінің малын тиеп келу үшін барып, құдық басында тұрған жәбірленушінің бес бас сиырын көріп, ұрлау ниеті туындап, оны сол үйдің малшысы қолдаған. Екеуі әлгі сиырларды көлікке тиеп, Арал қаласына әкеліп, танысының үйіне түсірген. Ертесіне бір бас сиырды сатып үлгерген, қалған төрт бас сиыр заттай дәлелдеме ретінде алынған. Осылайша, олар адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен бөтен мүлікті жасырын жымқырған.
    Сотталушылардың қылмыстық әрекеттері сотта өздерінің айыбын мойындап берген жауаптарымен қатар іс құжаттарымен толық дәлелденген.
    Сот үкімімен сотталушылар ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен кінәлі деп танылып, олардың меншігіндегі қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкін тәркілей отырып, 2 жылға бас бостандықтарын шектеу жазасы тағайындалып, сол мерзімге пробациялық бақылау белгіленген. Сондай-ақ, олар жергілікті атқарушы орган айқындайтын орында жылына 240 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тартылды.
    Арал аудандық сотының баспасөз қызметі

12 ақпан 2018 ж. 384 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области