Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ОҚИҒА БОЛҒАН ЖЕРДЕН КЕТІП ҚАЛҒАНЫ ҮШІН ЖАЗАЛАНДЫ

ОҚИҒА БОЛҒАН ЖЕРДЕН КЕТІП ҚАЛҒАНЫ ҮШІН ЖАЗАЛАНДЫ


    Жаңақорған аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 611-бабының 3-бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған құқық бұзушыға қатысты іс қаралды.
    Құқық бұзушы көлік құралдарын басқаруға құқығы жоқ бола тұра Жаңақорған ауданы, Төменарық ауылында автокөлігін басқарып келе жатып жеке үйдің қоршауына соғып, азаматшаға мүліктік залал келтіріп, жол көлік оқиғасының қатысушысы бола тұра жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалған. Яғни, ол Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 611-бабының 3 бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған.
    Сот отырысында құқық бұзушы А. кінәсін мойындап, өкініп кешірім сұрады.
    Сот қаулысымен құқық бұзушы А. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 611-бабы 3-бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған осы баппен 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 226900 теңге 30 пайызға қысқартылып, 158830 теңге айыппұл салынды
    Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі

07 ақпан 2018 ж. 498 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области