Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БАЛАБАҚШАДАҒЫ ӨРТ ЖЕДЕЛ СӨНДІРІЛДІ

БАЛАБАҚШАДАҒЫ ӨРТ ЖЕДЕЛ СӨНДІРІЛДІ


    Бүгін сағат 11:07-де «101» пультіне Арай шағынауданы Есімхан көшесіндегі  «Сыр еркесі» балабақшасында өрт болып жатқаны жөнінде хабар келіп түседі. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер ғимарат подвалынан қою түтін шығып жатқанын байқап, балаларды шұғыл түрде қауіпсіз аймаққа шығарды.   
    Балалар аязға тоңып қалмауы үшін жақын маңдағы №278 орта мектепке тасымалданды. Жалпы өрт сөндіру барысында  165 бала мен мекеменің 29 қызметкері  қауіпсіз аймаққа көшірілді.
    Лаулаған жалынның алдын алуда №1, 8 өрт сөндіру бөлімінің мамандары кәсіби деңгейлерінің жоғары екендігін байқатты. Олар  11:22-де жалынның десін басып, көп ұзамай өшірді.  
    Қазір осы оқиғаның себебі зерттелуде.
    Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі


15 қаңтар 2018 ж. 500 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области