Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЗАҢСЫЗ ОЙЫНХАНА АНЫҚТАЛДЫ

ЗАҢСЫЗ ОЙЫНХАНА АНЫҚТАЛДЫ


    Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметі жүргізген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде, заңсыз ойын орны анықталды. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.
    Қызылорда қаласының сауналарының бірінен табылған казинодан 532000 теңге, 600 АҚШ доллары, покер үстелі мен фишкалар және ойын картасы айналымнан алынды.
    Аталған факт негізінде қылмыстық іс қозғалды, қазіргі кезде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушыларды қылмыстық жауапкершілікке, сол жерде болған ойыншыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы тергеу әрекеттері жүргізілуде.





15 қаңтар 2018 ж. 482 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области