Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МҰЗ БЕТІНДЕ ҚАЛҒАН АЗАМАТ ҚҰТҚАРЫЛДЫ

МҰЗ БЕТІНДЕ ҚАЛҒАН АЗАМАТ ҚҰТҚАРЫЛДЫ


    2018 жылдың қаңтар айының 11-і күні 17 сағат 46 минутта «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының» жедел кезекшісіне Қызылорда облысы Ішкі істер департаменті Жедел басқару орталығының кезекшісінен ескі базар жанындағы Қорқыт ата ескерткішінің маңында белгісіз ер адамның Сырдария өзенінде қалғаны жөнінде хабар түсті. Жасақ құтқарушылары оқиға орнына жедел жетіп, өзенінің сол жағалауына өтті. Олар мұз бетінде жатқан ер адамды арнайы құтқару тақтайшаның көмегімен оң жағаға жеткізіп, полиция қызметкерлеріне тапсырды.
    Жасақ құтқарушылары Қызылорда облысы Ішкі істер департаменті Жедел басқару орталығының кезекшісінен уақытылы алынған ақпараттың арқасында, адам өмірін сақтап қалды.
    Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы

15 қаңтар 2018 ж. 478 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области