Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » » Тоқаев мораторий жариялады

Тоқаев мораторий жариялады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа мемлекеттік компаниялар құруға мораторий жариялады, деп хабарлайды Ақорда.

"Қиын-қыстау заманда мемлекет экономикалық өсімді қолдаудың ауыртпалығын әрқашан өз мойнына алды. Экономиканың жүйелі бәсекеге қабілеттілігі жеке бизнес есебінен қалыптасатынын естен шығармаған абзал. Дәл осы себептен мемлекеттің экономикадағы үлесін ЭЫДҰ елдерінің стандарттарына дейін жеткізу міндеті қойылды. Бұл жеке инвестициялар мен шағын және орта бизнестің дамуына серпін береді", - деді Тоқаев ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысында.
Мемлекет басшысы үкіметке 1 қыркүйекке дейін мемлекеттік компаниялар үшін рұқсат етілген барлық қызмет түріне ревизия жүргізіп, оларды қысқартуға қатысты ұсыныстар енгізуді тапсырды.
"Бүгін экономикада жаңа мемлекеттік компаниялар құруға мораторий жариялаймын", - деді президент.
24 мамыр 2019 ж. 64 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области