Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » » 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік шаралар

22 наурыз – Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік шаралар

Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі оқырмандар назарына 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік шаралар кестесін ұсынады.

19 наурыз
Қызылорда қаласы Сыр сүлейлері аллеясында сағат 11.00-де жоғары және арнаулы орта оқу орындары арасында ұлттық ойын түрлерінен сайысы;

20 наурыз
Арал ауданының мәдениет орталығында сағат 16.00-де «Қош келдің, Наурыз, көктемім!» атты мерекелік концерт;

21наурыз
Қызылорда қаласының орталық алаңында сағат 10.00-де «Наурыз – береке бастауы» театрландырылған қойылымдар, концерттік бағдарламалар;

***
Қызылорда қаласының орталық алаңында сағат 10.00-де «Наурыз – думан» тақырыбында ұлттық спорт түрлерінен (қазақша күрес, асық ату, қол күресі, арқан тарту және т.б.) сайыстар;

***
Тасбөгет кентіның орталық алаңында сағат 10.00-де «Қош келдің, нұрлы Наурыз!» театрландырылған қойылым, жалпыхалықтық серуен;

***
Арал ауданының орталық алаңында сағат 10.00-де «Қош келдің, Наурыз!» театрландырылған көрініс;

***
Қазалы аудандық және қалалық мәдениет үйлерінде сағат 10.00-де «Қош келдің, Наурыз!» театрландырылған қойылым, концерт және көпшілік серуен;

***
Сырдария ауданының орталық алаңында сағат 10.00-де «Төрлет, әз Наурыз!» 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік концерт;

***
Жаңақорған ауданының орталық алаңында сағат 10.00-де «Мәңгілік елді мәртебелеп, нұрландырған әз Наурыз» атты салтанатты шара;

***
Шиелі ауданы И.Құтпанұлы атындағы аудандық стадионында сағат 10.00-де «Мәңгілік елдің мәртебелі Наурызы» атты мерекелік шара;

***
Қармақшы ауданы, Төретам кентінің орталық алаңында сағат 10.00-де «Наурызым – нұрлы ырысым» атты наурыз мерекесіне арналған театрландырылған көрініс, мерекелік көпшілік шара;

22 наурыз
Қызылорда қаласының орталық алаңында сағат 10.00-де Жалпыхалықтық серуен;

***
Жалағаш ауданының орталық алаңында сағат 10.00-де «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!» мерекелік шара;

***
Қазалы аудандық мәдениет орталығында сағат 18.00-де «Наурызым – жыл басы, төрлет!» атты мерекелік концерт өтеді.

18 наурыз 2019 ж. 96 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области