Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » » БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ СЕРБИЯ ХАЛЫҚ СКУПЩИНАСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ М.ГОЙКОВИЧПЕН КЕЗДЕСТІ

БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ СЕРБИЯ ХАЛЫҚ СКУПЩИНАСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ М.ГОЙКОВИЧПЕН КЕЗДЕСТІ


    Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Сербия Халық Скупщинасының төрайымы Майя Гойковичпен кездесу өткізді.
    Кездесу барысында екі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының түрлі салаларындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері және ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, электр энергетикасы, құрылыс, туризм, көлік және фармацевтика салаларында, технологиялық жаңғыртуда, қалалану, су ресурстары және өзге де бағыттарда нақты инвестициялық жобаларын іске асыру мәселелері талқыланды.
    Анықтама: Қазіргі таңда екі ел арасындағы тауар айналымы 2017 жылдың қаңтар-тамыз аралығында $33,3 млн құрап, 2016 жылдың осы кезеңіндегі көрсеткішінен 2,4 есеге асып түсті. Өзара сауда көлемі 2016 жылы $26,3 млн құрады. Экспорт құрылымы негізінен ауыл шаруашылығы өнімдерінен тұрады.
    Қазақстанда 24 серб кәсіпорны тіркелген, олар негізінен көтерме және бөлшек сауда, тұрғын үй және тұрғын емес ғимараттар құрылысы саласында қызмет көрсетеді. Сербия Премьер-Министрінің ҚР-ға 2016 жылдың 16 қарашасындағы жұмыс сапары барысында Қазақстан мен Сербия арасындағы ынтымақтастықты дамытудың 2017–2018 жылдарға арналған Жол картасына қол қойылған еді.

08 қараша 2017 ж. 231 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области