Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » » МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ВЛАДИМИР ПУТИНМЕН КЕЗДЕСТІ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ВЛАДИМИР ПУТИНМЕН КЕЗДЕСТІ


    Нұрсұлтан Назарбаев кездесу барысында Владимир Путинді Ресей Федерациясының Президенті болып сайлануымен тағы да құттықтап, жауапты қызметіне табыс тіледі.
    «Биылғы 18 наурызда тарихи маңызы бар оқиға болды. Сіз Ресей халқының асқақ сенімін иеленіп, зор жеңіске жеттіңіз. Қазіргідей күрделі жағдайда мұндай сенімнің мәні зор», — деді Қазақстан Президенті.
    Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және басқа да маңызды салалар мен бағыттар бойынша екі жақты достық пен тығыз ынтымақтастық орныққанына тоқталды.
    «Қазақстан – Ресеймен үлгі боларлық қарым-қатынас және қарқынды экономикалық байланыс орнатқан ең жақын мемлекет. Елдеріміз арасындағы тауар айналымының көлемі – $16 млрд жуық. Бірлескен кәсіпорындар саны артып келеді», — деді Қазақстан Президенті.
    Сонымен қатар, Мемлекет басшысы екі ел арасындағы жоғары деңгейдегі өзара ықпалдастық Қазақстан-Ресей қатынастарында туындайтын мәселелерді тиімді шешуге септігін тигізіп отырғанын айтты.
    «Қазақстан әрдайым сіздермен бірге. Біз әрқашан бірге жұмыс жүргізіп, бірлесе алға ұмтылып, бұл күрделі кезеңді де еңсеретін боламыз. Бүгінде барлық бағыт бойынша қалыпты жұмыс жүргізілуде. Көршілес тәуелсіз мемлекеттер арасында әрдайым мәселелер туындап жатады. Біздің үкіметтеріміз бен министрліктеріміз арасында тығыз қарым-қатынас орныққан. Туындайтын мәселелерді дүрліктірмей, байсалдылықпен шешу қажет. Біз – одақтас елдерміз, екі елдің бұқаралық ақпарат құралдары да осы бағытта жұмыс жүргізуге тиіс», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.
    РФ Президенті екі мемлекет арасындағы түрлі салалар бойынша өзара тиімді қарым-қатынас орныққанын айтып, оның оң қарқынмен дамып келе жатқанына тоқталды.
    Владимир Путин Қазақстан Ресейдің стратегиялық одақтасы ғана емес, сондай-ақ ең жақын экономикалық серіктестерінің бірі екенін атап өтті.
    «Елдеріміз арасындағы қатынастар табысты әрі дәйекті дамып келеді. Былтыр экономикада жақсы нәтижеге қол жеткіздік. Атап айтқанда, тауар айналымы 30%-ке өсті. Ресей Қазақстанның жетекші сауда-экономикалық серіктестерінің бірі болып қала бермек. Ресейдің Қазақстан экономикасына бөлген тікелей инвестициясының көлемі артқанын да атап өткім келеді», — деді Владимир Путин.

15 мамыр 2018 ж. 111 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области