Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » » АСТАНАДА «ЖАС ОТАН» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ IV СЪЕЗІ БАСТАЛДЫ

АСТАНАДА «ЖАС ОТАН» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ IV СЪЕЗІ БАСТАЛДЫ


    Бүгін 28 наурызда Астанада «Жас Отан» жастар қанатының «Жаңа әлемге жол саламыз» атты IV съезі өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
    «Съезд мақсаты – жастар саясатын жаңғыру. Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» мақаласы, соңғы екі Жолдауы, бес әлеуметтік бастамасы, соның бәрін қосып жастарға арналған үлкен бағдарлама, үлкен жоба құрастырамыз. Бүгінгі іс-шара жаңа форматта өтіп жатыр. Ертеңгі іс-шара виртуалды шындық форматында өтеді. Бұл модернизацияны аймақтардан келген жастарымыз көріп, Қазақстан бойынша таратады», - деді «Жас Отан» ЖҚ төрағасы Данияр Сүндетбаев съездің алғашқы күнінде.
    Ол съезд қорытынды құжаты жастар саясатына өзгеріс әкеліп, әсер ететінін атап өтті.
    «Бізде «Жастар ауылға», «Корпоротивтік волонтер», «Digital Nation» деген жобалар бар. Бұл жобалар болашақта «Рухани жаңғыру», «Цифрлық Қазақстан» секілді бағдарламаларға үлкен септігін тигізеді деп ойлаймын. Жастар жаңа әлемге жол салуға дайын. Съезд неліктен бұлай аталады? Бүгінгі жастар бәсекеге қабілетті, жаңа әлемге жол салуға дайынбыз және Қазақстан жастарын жаңа әлемге жол салуға шақырамыз», - деді Данияр Сүндетбаев.
    «Жаңа әлемге жол саламыз» атты ұранмен өтіп жатқан съезге еліміздің әр өңірінен 1500-ден астам делегат келген. Іс-шараның алғашқы күні «Jas Otan conf» деген атаумен конференция форматында ұйымдастырылады. Сонымен бірге бүгін сайлауда жеңіске жектен Орталық кеңестің жаңа мүшелерінің есімдері белгілі болды.


28 наурыз 2018 ж. 176 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области