Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » » РЕСЕЙДІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҢА ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

РЕСЕЙДІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҢА ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ


    Дипломатиялық өкілдер екі ел қарым-қатынасының негізгі тұстарын, сондай-ақ Қазақстанда өтетін биылғы маңызды шараларды талқылады.
    Мәскеуде Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Иманғали Тасмағамбетов Ресейдің Қазақстандағы Елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады, деп хабарлайды BNews.kz Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
    Қос тарап Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасының негізгі тұстарына және елде өтетін биылғы маңызды шараларға тоқталып өтті.
    Бұл Астанадағы Сирия жөніндегі келіссөздердің 9-шы рет жүргізілуі. Сонымен қатар, Каспийдің құқықтық мәртебесін анықтап беретін бесінші саммиттің Қазақстанда өтуі.
    Кезінде КСРО мен Иран мемлекетінің арасында ғана жатқан қарт Каспийге кеңес одағы күйрегеннен кейін Иран және Ресеймен қатар, әлем картасынан орын алған Қазақстан, Әзербайжан, Түрікменстан елдері де иелік еткен еді. Содан бері аталған 5 мемлекеттің арасындағы теңіздің түбіндегі мол табиғи ресурстармен қатар, геосаяси шекара бөлу мәселесіндегі күрмеуі көп мәселелер шешілген емес.
    Жалпы, бүгінге дейін Каспий жағалауы мемлекеттері Президенттерінің саммиті 2002 жылғы 23-24 сәуірде, 2007 жылғы 16 қазанда, 2010 жылғы 18 қарашада және 2014 жылғы 29 қыркүйекте өткені белгілі. Мемлекет басшыларының екінші кездесуі қорытындысы бойынша Әзербайжан Республикасының, Иран Ислам Республикасының, Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Түрікменстанның декларациясы қабылданды.
    Бұдан өзге, елшілер алтыншы рет өткелі отырған әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі және Қазақстан мен Ресейдің ХV өңіраралық ынтымақтастығы форумының мәселелерін талқылады.
    Осы жылдың жоспарын кеңінен талқылаған ұйым жетекшілері, жүргізіліп отырған көп бағыттағы шаралардың маңыздылығына тоқталды. Мұнымен қоса, сыртқы саясаттағы байланыс мүмкіндіктерін жетілдіруге де ерекше мән берілді.

15 ақпан 2018 ж. 199 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области