Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » » Алаяқтық жасаған қызметшіге қолдау көрсеткендер жазаланады

Алаяқтық жасаған қызметшіге қолдау көрсеткендер жазаланады

Kyzylorda-news.kz. Алаяқтық жасаған мемлекеттік қызметшінің өз еркімен жұмыстан босатылуына жол берген Жаңақорған ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына тәртіптік шара көру туралы шешім шығарылды.
Бұл ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің шешімі болатын.
Кеңестің кезекті отырысында Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары А.Салыбековтің, аудан әкімі аппаратының басшысы А.Абдуллаевтың және аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ж.Асылбайұлының іс-әрекеттері талқыға түсті.
Үш лауазымды тұлғаға қатысты тәртіптік істердің қаралуына Жаңақорған ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы Ж.Дүйсекеевтің сот үкімімен кінәлі деп табылғанымен өз өтінішіне сәйкес қызметтен босатылғандығы негіз болды.
Ж.Дүйсекеев алаяқтық қылмысы үшін 07.08.2019 жылы Жаңақорған аудандық сотының үкімімен кінәлі деп танылып, айыптау үкімі қабылданған.
«ҚР мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 61-бабы 12-тармағында қылмыс не қасақана қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкiмiнің заңды күшіне енуі мемлекеттік әкімшілік қызметшінің мемлекеттік қызметті тоқтатуына негіз болатындығы көрсетілген.
Дегенмен, соттың үкімі заңды күшіне енгені ескерілместен, аппарат басшысы А.Абдуллаев пен мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ж.Асылбайұлы тарапынан Заңның талаптары сақталмай, Ж.Дүйсекеевке 2 рет ақысыз демалысқа шығуына және 2 айдан кейін өз өтінішіне сәйкес жұмыстан шығуына ықпал жасалынған.
Демек, шешімдерді дайындау барысында, кінәлі деп танылған азаматқа құқыққа сыйымсыз қолдаулар көрсетілген.
Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері қызметтік тергеп-тексерулердің материалдарын жан-жақты қарап, әрекеттерді құқықтық жағынан бағалай отырып, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 50-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға жол бергені үшін А.Абдуллаевқа және Ж.Асылбайұлына «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» тәртіптік жазасын көру жөнінде шешім етті.
Ал, аудан әкімінің орынбасары А.Салыбековтың тәртіптік ісін қарау барысында, Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің басым бөлігі, Ж.Дүйсекеевті өз өтінішіне сәйкес жұмыстан босату туралы өкімнің аппарат басшысы А.Абдуллаев пен мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ж.Асылбайұлының қызметтік хатына сүйеніп қабылданғанын назарға алып, А.Салыбековке қатысты тәртіптік істі тоқтату туралы шешім қабылдады.
Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысын ұйымдастыру барысында, заңдылықтарға сәйкес тәртіптік істерді қарау мерзімдерінің өтіп кетуі ескеріле отырып, елімізде енгізілген төтенше жағдайға байланысты мемлекеттік орган басшыларының профилактикалық бағытта атқарған жұмыстарының есептері күн тәртібінен алынып, отырысқа қатысушылар саны мейлінше шектелді.
20 наурыз 2020 ж. 823 1

Kerri от 4 маусым 2020 00:48
Web tentang permainan online ceme - https://ceme33.com.

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области