Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » » Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлер форумын өткізу туралы идеясын қолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлер форумын өткізу туралы идеясын қолдады

Kyzylorda-news.kz. Кездесуге «Green TAL» әлеуметтік шеберханасының басшысы, «Best for kids» қоғамдық қорының вице-президенті Эмин Әскеров, «Дастархан» ЖШС директоры Елена Мащинская, «Қамқор отау» әлеуметтік жобасының директоры, «Тренинг-Кафе» әлеуметтік жобасының үйлестірушісі Бақытжан Құдияров қатысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.Кәсіпкерлер Президентке еліміздегі әлеуметтік кәсіпкерліктің ахуалы мен оны әрі қарай дамыту перспективалары жайында айтты. Сонымен қатар олар аталған саладағы өзекті проблемалар жөніндегі ойларымен бөлісіп, оның ішінде қажетті ғимараттар мен өз өнімдерін өткізу орындарының тапшылығы туралы жеткізді.
Жиынға қатысушылар мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауды жоғары бағалап, Қазақстан Президентіне биыл күзде әлеуметтік кәсіпкерлердің бірінші республикалық форумын өткізу жөніндегі жоспары туралы баяндады.
Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлердің қоғамға пайдалы жобаларды жүзеге асырып жатқаны үшін ризашылық білдіріп, олардың форум өткізу жайындағы идеясын қолдады. Президенттің айтуынша, мемлекет бүкіл республика аумағындағы әлеуметтік бизнеске жан-жақты қолдау көрсете береді.
06 ақпан 2020 ж. 162 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области