Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » » Үкімет заң жобалау жұмыстарының 2020 жылға арналған жоспарын бекітті

Үкімет заң жобалау жұмыстарының 2020 жылға арналған жоспарын бекітті

Kyzylorda-news.kz. ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2019 жылға арналған жоспарының орындалу барысы және 2020 жылға арналған жоспар жобасы қаралды, деп хабарлайды primeminister.kz.
ҚР Әділет министрі М.Бекетаев баяндама жасады, ол биыл Парламентке «Педагог мәртебесі туралы», «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексті, Экологиялық кодексті және т.б. қоса алғанда 32 заң жобасы енгізілгенін айтты.  
«2020 жылға арналған жоспар жобасына өзекті және маңызды мәселелерді шешуге, Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмаларын орындауға бағытталған 17 заң жобасы енгізілді», - деді Асқар Мамин.  
Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасын және Жолдауын іске асыруға арналған заң жобалары қарастырылған. Жаңа заң жобалары, соның ішінде «Ардагерлер туралы», «Өсімдіктер әлемі туралы» және әрекет етіп тұрған заңнамаға өзгерістер енгізуді көздейтін тағы да басқа бірқатар заң жобалары әзірленеді.  
Премьер-министр мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына заң жобалау жұмысын жеке бақылауға алуды тапсырды.
«Жоспарлы заң жобаларын енгізу мерзімдері бұзылған жағдайда тікелей бірінші басшылардың жауапкершілігі қаралатын болады», – деп Асқар Мамин Әділет министрлігіне Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2020 жылға арналған жоспарын іске асыру кезінде жалпы бақылауды күшейтуді тапсырды.  
30 желтоқсан 2019 ж. 227 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области