Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » » Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға сапарында 2,4 млрд долларды құрайтын 30 құжатқа қол қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға сапарында 2,4 млрд долларды құрайтын 30 құжатқа қол қойды

Қазақстан Президентінің Германияға сапары барысында жалпы құны 2,4 млрд долларды құрайтын отыз экономикалық құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл туралы бейсенбі кешке журналистерге Kazakh Invest ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Бауыржан Сартбаев қол қою рәсімнен кейін айтып берді.
«Мемлекет басшысының Германияға ресми сапары аясында жалпы құны 2,4 млрд доллар отыз экономикалық құжатқа қол қойылды. Оның ішінде қайта өңдеу және машина жасау секілді салалар бар», - деді Б.Сартбаев.
 
«Олардың басым бөлігі өзара байланысты және жоғары қосымша құны бар өнім өндіреді», - деп атап өтті Kazakh Invest ұлттық компаниясының басқарма төрағасы.
 
«Сондай-ақ бүгін қол қойылған басты құжаттардың бірі – Kazakh Invest пен Герман экономикасының шығыс комитеті арасында инвестиция саласындағы ынтымақтастықты нығайту жөніндегі бірлескен жоспар. Ол салалардың басым бағытын және нақты ынтымақтастық жобаларын анықтайды», - деп тоқталды ол.
Айта кетерлігі, Герман экономикасының шығыс комитеті ГФР-дың Орталық, Шығыс, Оңтүстік шығыс Еуропа, Оңтүстік Кавказ және Орталық Азиядағы 29 мемлекеттегі экономикалық мүддесіне жауапты.


06 желтоқсан 2019 ж. 158 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области