Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » » Президент шетелдіктерді тіркеуден бас тартуды тапсырды

Президент шетелдіктерді тіркеуден бас тартуды тапсырды

Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көші-қон полициясы органдарында шетелдік азаматтарды міндетті тіркеуден бас тартуды тапсырды. Бұл туралы президент Алматы әкімдігінде өткен кеңес барысында айтты, деп хабарлайды Stan.kz.
Президенттің сөзінше, әлеуметтік-экономикалық саясатта үкімет пен әкімдер жұмысының негізгі бағыттарының бірі – Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің стандарттары мен принциптерін енгізуді жеделдету.
«ЭЫДҰ стандарттарына тоқталсақ, егер біз үлкен қалалар мен тұтас мемлекеттің инвестициялық және туристік тартымдылығын күшейткіміз келсе, қысқа мерзім ішінде шетелдіктерді көші-қон полициясы органдарында міндетті тіркеу сияқты анахронизмнен арылу керек. Шетелдік қонақтарға келтірілетін қолайсыздықтан бөлек, міндетті тіркеу – бұл үлкен сыбайлас жемқорлықтың көзі. Өз кезегінде бұл Алматының, тұтас мемлекеттің беделіне теріс әсер етеді», - дейді президент.
Тоқаев шетелдік қонақтардың шекаралық бақылаудан өтуінің өзі көші-қон тіркеуі болып табылатынын атап өтті. Сондай-ақ, мемлекет басшысы үкіметке аталған мәселені жаңа жылға дейін шешуді тапсырды.
29 қазан 2019 ж. 167 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области