Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » » Бердібек Сапарбаев әлем чемпионатындағы нәтижелері үшін спорт министрлігін сынға алды

Бердібек Сапарбаев әлем чемпионатындағы нәтижелері үшін спорт министрлігін сынға алды

Kyzylorda-news.kz. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев жақында әлем чемпионаттарында өткен күрес, бокс, ауыр атлетика спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың көрсеткен жарыс қорытындысы бойынша кеңес өткізді. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Әлем біріншіліктерінде қазақстандық спортшылар бокс бойынша 1 алтын, 1 күміс және 4 қола медаль; күрес түрлері бойынша 3 күміс, 4 қола медаль және ауыр атлетика бойынша 1 күміс медаль иеленді.
Жарыстардың қорытындысы және Токиода өтетін Олимпиада ойындарына дайындық туралы ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Елдос Рамазанов, Ұлттық Олимпиада комитетінің хатшысы Сәкен Мұсайбеков, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев, сондай-ақ, ұлттық құрама командалардың бас бапкерлері баяндады.
Е.Рамазановтың айтуынша, бүгінде Қазақстанның қоржынында 9 спорт түрі бойынша 20 лицензия бар, Олимпиадаға кемінде 100 лицензия жеңіп алу жоспарланған.
«Нәтижелер көңіл көншітерлік емес. Бокс бойынша жалпыкомандалық үшінші орынды алдық, ауыр атлетика бойынша – 12-ші, күрес бойынша – 14-ші орындамыз. Тек боксшылардың жалғыз алтын медалі бар. Министрлік, Ұлттық Олимпиада комитеті, федерациялар мен демеушілер жеткілікті қолдау көрсетіп отыр. Онда неге нәтиже жоқ? Бейінді министрлік бұл жұмысты дұрыс үйлестіре алмай отыр. Спорт – бүтін бір елдің имиджі. Токиода өтетін Олимпиада ойындарында жақсы нәтижелер көрсету үшін қателермен жұмыс істеңіздер. Уақыт аз қалды», - деді Б.Сапарбаев.
Сонымен қатар вице-премьер спортшыларды жарыстарға іріктеу кезінде ашықтық пен объективтіліктің жетіспейтінін айтты.
«Спортта жең ұшынан жалғасу, алалау ешқашан болмауы тиіс! Біздің еліміздің абыройын үздік спортшылар қорғауы керек. Бұқаралық спортты дамытып, кәсіби спортшылардың жас ұрпағын дайындау керек. Біздің материалдық-техникалық базамыз жақсы, сондықтан, әсіресе, өңірлерде спорттық құрылымдарды барынша тиімді пайдалану қажет», — деп түйіндеді ол.
03 қазан 2019 ж. 96 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области