Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » » Партия азаматтар үшін ашық әрі қол жетімді болуы тиіс – Қ.Тоқаев

Партия азаматтар үшін ашық әрі қол жетімді болуы тиіс – Қ.Тоқаев

Kyzylorda-news.kz. Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Nur Otan» партиясының қазіргі жағдайы, мемлекеттік органдармен өзара ықпалдастық тетіктерін жандандыру және Президент Әкімшілігімен бірлескен жұмыстарды қамтамасыз ету жөнінде мәлімет берілді.
Бауыржан Байбек өңірлерге жасаған сапарларының қорытындылары, бастауыш партия ұйымдарымен жұмыс және партия қатарын тазарту үдерісі туралы баяндады. Сонымен қатар, ол демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясы жұмысының тоқтағаны және партияның Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жұмысына институционалды қатысу жоспары жөнінде хабарлады.
Қазақстан Президенті партия мен халық арасындағы байланысты күшейтудің маңыздылығын айтты. Мемлекет басшысы партия мүшелерін ел өміріне белсенді атсалысуға және халыққа жақын болуға шақырды.
«Партия азаматтар үшін ашық әрі қол жетімді болуы, халықтың мүддесін тиімді қорғауы тиіс. Партияның қоғамдық қабылдаулары Президенттің виртуалды қабылдауымен тығыз байланыста болып, тұрғындардың мәселелерін шешудің шынайы тетігіне айналуы қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
26 шілде 2019 ж. 143 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области