Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » » Тоқаев діни ұстанымы туралы сұраққа жауап берді

Тоқаев діни ұстанымы туралы сұраққа жауап берді

Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев діни ұстанымы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Мен атеист емеспін. Құдайдың бар екеніне сенемін. Әрине, мен мұсылманмын. Бірақ бес уақыт намаз оқитын мұсылман емеспін. Мейрам кезінде мешітке барып тұрамын", - деді Тоқаев.
Президент өз әкесіне Сингапурдан Құран кітабын қалай алып келгенін де айтып берді. Оның айтуынша, әкесі 63 жасында қайтыс болыпты. Шамамен 60 жасында ислам дініне қызығушылығы күшейе түскен екен.
"Мен Сингапурға барып келгеннен кейін ол жерде Құран кітабы дүкенде ашық сатылатыны жайында айттым. Тіпті сүрелер жазылған пленкалардың да бар екенін жеткіздім. Сол кезде әкем оның бәрін алып келуді өтінді. Мен ойландым да, Құран мен пленкаларды шекарадан өткізуге болмайтынын айттым. Дегенмен кішкентай бір Құран кітабы мен пленканы алып келдім. Әкем коммунист болса, соның бәрін тыңдады", - деп еске алды Тоқаев.
22 шілде 2019 ж. 110 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области