Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » » Қазақстанның жарқын болашағы үшін әрбір азаматтың пікірі өте маңызды - Мемлекет басшысы

Қазақстанның жарқын болашағы үшін әрбір азаматтың пікірі өте маңызды - Мемлекет басшысы

Kyzylorda-news.kz. Саяси бәсекеде біздің халқымыздың даналығы, парасаты жеңді. Бұл туралы Тәуелсіздік сарайындағы ұлықтау рәсімінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Президент өткен сайлау саяси бағдарламалар сайысқа түскен әділ дода болғанын атап өтті.
«Осы өте маңызды саяси бәсекеде біздің халқымыздың даналығы, парасаты жеңді. Сондықтан бұл жеңіс - халқымыздың жеңісі. Біз бір ел болып, халық болып, Қазақстанның алдағы даму жолын бірге айқындадық. 9 маусымда Қазақстанның жарқын болашағы үшін дауыс берген әрбір азаматтың пікірі біз үшін өте маңызды. Өйткені халқымыздың татулығы, ынтымағы, бірлігі - біздің ең баксты құндылығымыз», - деді Қ.Тоқаев.
12 маусым 2019 ж. 22 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области