Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » » БАҒДАРЛАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДА БАЙЫПТЫ ІС БАР

БАҒДАРЛАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДА БАЙЫПТЫ ІС БАР


    Қармақшы ауданында жыл басынан бері қоғамдық жұмысқа жергілікті бюджеттен 25 млн 683 мың теңге қаржы қаралды.  
    «Нəтижелі жұмыспен қамтуды жəне жаппай кəсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына» қатысуға жыл басынан жалпы саны 2742 адам хабарласқан. Олардың барлығымен əлеуметтік келісім шарт жасалды. Оның ішінде 29 адам өзін-өзі қамтығандар болса, 2713 тұрғын жұмыссыз.Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
    Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша осы жылы 250 адамды қайта даярлау курстарына тарту жоспарланып, 9 айда 100 адам оқуға жолданды. Қазір облыстық бюджеттен қаралған 33 млн 728 мың теңгенің 14 млн 908 мың теңгесі игерілді.
    Екінші бағыт аясында 107 жұмыссыз кəсіпкерлік негіздерін оқытудың «Бастау Бизнес» курстарынан өтіп, қазіргі күні, 83,7 млн теңгеге 31 жоба несиелендірілді. Қосымша қайтарылған қаржы есебінен реинвест арқылы 25 адамға 70 млн. теңге қаржы қаралды.
    Үшінші бағыт бойынша əлеуметтік жұмыс орындарына республикалық жəне жергілікті бюджеттен 2017 жылға 55 адамға 15 млн. 132 мың теңге бөлінді. Бөлінген қаржыға аудан бойынша 18 кəсіпкерлік субьектілеріне 69 адам жұмысқа жолданып, 12 млн 590 мың теңге игерілді.
    Айта кетейік, жастар тəжірибесіне республикалық жəне жергілікті бюджеттен 100 адамға 32 млн 118 мың теңге қаралған. Жыл басынан 109 жас маман 59 мекемеге жолданып, 28 млн. 524 мың теңге игерілді.  

22 қараша 2017 ж. 294 0

Саясат

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области