Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » » ТҮЛІКТІ АСЫЛДАНДЫРУ – САПАНЫ АРТТЫРУ

ТҮЛІКТІ АСЫЛДАНДЫРУ – САПАНЫ АРТТЫРУ


Мемлекет басшысы қашанда ел әлеуетін арттыру мақсатына арналған жобаларды, оның шінде мал шаруашылығын дамыту мәселесін өз назарынан тыс қалдырған емес. Елбасының жыл сайынғы Жолдауларында да бұл мәселені іске асыруға байланысты тапсырмалар беруде. Сондай қолдаулар аясында «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» және «Жұмыспен қамту– 2020 жол картасы» бағдарламалары өмірге келді.
Бүгінде осы бағдарламалар арқылы кәсібін дөңгелетіп әкеткендер де жетерлік.
Өткен жылы Сыр елінде аталған бағдарламалар бойынша сала мамандарының қатысуымен көптеген ілкімді шаруалар жүзеге асуда.
Мәліметтерге сүйенсек, өткен жылы Қармақшы ауданы бойынша жылқы 8110 бас болса, түйе 2973 бас, ал мүұйізді ірі қара 24615 бас, қой 29884 бас болды. Мемлекеттік «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» және «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша біршама жұмыстар атқарылып, өңірімізде мал шаруашылығын, оның ішінде малды асылдандыру мақсатында айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Өткен жылы осы бағытқа арналып 53.9 млн теңге субсидия бөлінді.
Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің маманы Сабыржан Зайыровтың бәізге берген мәліметі бойынша ағымдағы жылдың алты айында аудан бойынша мүйізді ірі қара 107.7 пайызға, жылқы 111.8 пайызға, түйе 108 пайызға, қой 101.7 пайызға өскен. Сонымен бірге, ауданда төрт түлікті түрлендіру мақсатында да біршама жұмыс атқарылған. Нақтырақ айтқанда, қазіргі таңда аудан бойынша 35 шаруа қожалығы мүйізді ірі қара, 3 шаруа қожалығы қой және 15 шаруа қожалығы жылқы малын өсіріп, оны түрлендіруге жұмыс істеуде. Сондай-ақ, осы жылы өз қаражаты есебіне 4 қожалық Жабы асыл тұқымды бірнеше айғыр мен қазақтың Ақбас тұқымды бұқаларын сатып әкеліп, малдарын түрлендіруге кірісіп кетті. Оның ішінде, Ақжардағы «Тиышбай», Төребай бидегі «Шабан ата» мен «Айкерім» және Ақтөбедегі «Тұрымбет» шаруа қожалықтары 12 айғыр, ал Жосалы кентіндегі «Н. Мұхамбетжанова», «Ақәділ» жеке кәсіпкерлігі мен «Мырзаш» және Ақжардағы «Тиышбай» шаруа қожалықтары 6 қазақтың Ақбас тұқымды бұқасын сатып алса, өз қаражаты есебінен Қуаңдария ауылындағы Болат Бөгетов жетекшілік ететін «Олжа» шаруа қожалығы Батыс Қазақстаннан 127 бас қазақтың Ақбас тұқымды аналығы мен 5 бас бұқасын сатып алып, оларды жергілікті мүйізді ірі қарамен будандастыруға қарекет етуде.
Ауданда экспорттық әлеуетті дамыту жұмыстары да біршама қарқын алуда.
Ағымдағы жылдың аяғында Иран Ислам Республикасы мен Өзбекстанға «Ертілеу» және «Бертай» шаруа қожалықтары мен «Болашақ құрылысы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 600 бас қой сатуды жоспарлауда. Сондай-ақ, өңірімізде кооперативтер арқылы да мал басын асылдандыру, көбейтіп, бордақылау жұмыстары жақсы жолға қойылды. Аудан бойынша құрылған 15 өндірістік кооперативіне мүше 438 кәсіпкердің 234-і, яғни «Береке» бағдарламасы аясында малды бордақылау және ауылшаруашылық өнімдерін сатып алу мақсатымен және «Ынтымақ» бағдарламасымен айналымдық капиталды толықтыру және сүт өнімдерін өндіру бойынша «Ауылшаруашылығын қаржылау қолдау қоры» АҚ арқылы қаржы несие алып, жұмыс істеуде.
Ал, аудандық Жұмыспен қамту бөлімінің мамандарының берген мәліметі бойынша ағымдағы жылдың осы кезеңінде мемлекеттік «Кәаіпкерлікті дамытудың – 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша 13 азамат өңірімізде малшаруашылығын, оның ішінде асыл тұқымды мүйізді ірі қара мен жылқыны өсіріп түрлендіру мақсатында жұмыс істеуде. Сонымен бірге, аудандық кәсіпкерлік бөлім бойынша да осы саланы дамыту мақсатында түрлі мемлекеттік бағдарламалар арқылы көптеген азамат білімін жетілдіру арқылы кәсібін дөңгелетіп әкеткендер де жетерлік.

Н.ЖАНӘДІЛОВ
12 шілде 2018 ж. 285 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области