Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » » ҚЫЗЫЛОРДАДА БАЛЫҚШЫЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ҚҰРЫЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА БАЛЫҚШЫЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ҚҰРЫЛДЫ

Облыстық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен осы жылдың ақпан-наурыз айларында тұңғыш рет «Балық шаруашылығын дамытудың проблемалары мен мүмкіндіктері» тақырыбында балық шаруашылығымен айналысып жүрген жеке және заңды тұлғаларға арналған теориялық семинар-тренингтер өтті.
  Онда балық шаруашылығы нысандарының түрлерімен таныстыру, көлдік-тауарлы балық шаруашылығының ерекшеліктері, балық өсіру, тамақтандыру, күтім жасау жолдары және облыста осы саланы дамыту мүмкіншіліктеріне қатысты мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, облыс көлемінде орналасқан жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және учаскелерін жалға алған жеке және заңды тұлғаларға мемлекет тарапынан кәсіпкерлік субъектілеріне көрсетіліп жатқан қолдау бағыттарын түсіндіру мақсатында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ҚОФ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ ҚОФ және «Қызылорда ӨИО» ЖШС мамандарының қатысуымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
 Түсіндірме жұмыстарының барысында балық шаруашылығымен айналысатын субъектілерге көрсетілетін қолдау түрлері, қаржы көлемі мен мерзімі т.б сұрақтар қамтылды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Қызылорда облысының балық өсірушілері мен балық шаруашылығы субъектілерінің бірлесуімен «Сыр суы маржаны» заңды тұлғалар Қауымдастығы құрылды.
  Қауымдастықтың негізгі мақсаты – қауымдастық мүшелерінің мүддесін таныту және қорғау болып табылады.
«Осы уақытқа дейін балық шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер мәселелерін әрқайсысы өз бетінше шешіп келді. Себебі, оларды біріктіретін арнайы ұйым болмады. Сол себепті бұл азаматтардың проблемаларын шешуде қиындықтар болды. Құрылған Қауымдастық алдағы уақытта аталған саладағы жүйелі мәселелерді жедел әрі сапалы шешуге мүмкіндік береді деген сенімдеміз», - дейді Палатаның сарапшысы Алма Пірманова.


02 сәуір 2018 ж. 296 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области