Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » » МАРАЛ БАБАНЫҢ КЕРЕМЕТІ

МАРАЛ БАБАНЫҢ КЕРЕМЕТІ


Бірде Марал ишан елді жинап, тамақ бермекші болады. Оның мұнысына күмәнмен қараған кейбіреу: «Қайдағы ас, кедейде мал болушы ма еді? – деп кеміте әрі қасиетіне күмән келтіре сөйлейді. Бұл әңгіме қызды-қыздымен ишанға жетеді.
Содан Марал 12 тай қазанға толтыра су құйғызып, астына от жаққызады. Ел жиналып қалған. Бәрі аң-таң. «Қазанға салатын ет қайда?» дегендей, аңтарылды кеп. Марал ишан көмекшілеріне: «Ана қырдың астындағы малымды осында айдап әкеліңдер», – деп бұйырады. Сөйтіп тұрғанда төбенің ар жағынан ағараңдап киіктер көрінеді. Көмекшілеріне тағы да: «Сойып, қазанға етін салыңдар, бірақ сүйегін ешкім кемірмесін және дастарханның үстіне қалдырсын», – деп ескертеді.
Тамақ желінеді. Дастарханнан шыққан сүйек-саяқтарды бір жерге жиып, дұға оқығанда Алланың құдіретімен киіктер дастархан үстінен тұрып жүре беріпті. Тек біреуі артында ақсаңдап жүре алмай қалыпты. Сөйтсе, жауапсыздау біреуі сүйекті мүжіп қойса керек. Оны да арқасынан сипап, ишан шауып бара жатқан киіктердің соңына ілестіріп жіберіпті.
Үш жүздің пірі болған Марал бабамыз өзінің кереметін осылай көрсеткен екен.
12 маусым 2018 ж. 262 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области