Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Мемлекеттік рәміздер ұлықталды

Мемлекеттік рәміздер ұлықталды

Kyzylorda-news.kz. Осыдан 27 жыл бұрын тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік туы, елтаңбасы мен әнұраны ресми түрде қабылданған болатын. Осы атаулы күнге орай бүгін Арал ауданында «Асқақ арман – қыраны» атты салтанатты шара өтті.

Өткен жылы ғана бой көтеріп, ел игілігіне берілген жаңа рәміздер алаңында өткен шарада аралдықтар егемендіктің ең басты белгісі, тәуелсіздігіміздің нышандарына құрмет көрсетті.
«Мемлекеттiк рәміздер – еліміздің дербестігі мен тәуелсіздігін күллі әлемге жария етуші әрі мемлекетіміздің өткені, бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі саналады. Сондықтан, әрбір Қазақстан азаматы үшін мемлекеттік рәміздер – қастерлі! Ал, әр азаматтың Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуі – өз-өзіне көрсеткен құрметінің, болашағына деген сенімінің, өлшеусіз мақтаныш сезімінің көрінісі»- деді, аудан әкімі Мұхтар Оразбаев.
Салтанатты шара барысында елеулі еңбектерімен, іскерлік танытып жүрген сала қызметкерлері аудан әкімінің Алғыс хаттымен марапатталды. Сондай-ақ, Ақирек ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Ә.Нұрекешов пен аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Е.Реймов мемлекеттік қызыметшінің алғашқы антын қабылдады.
Айта кетейік, бүкілхалықтық сипатқа ие болған бұл мерекеге орай аудан жастары шараға дейін велошеру өткізген болса, салтанатты шара соңы арнайы автошеруге ұласып, қала көшелерімен жүріп өткен шеруге қатысушылар ұлттық нышандарымызды кеңінен насихаттап, құндылықтарымызды паш етті.

04 маусым 2019 ж. 51 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области