Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жағажай қызметкерлері қауіптің алдын алу шараларын білуі керек

Жағажай қызметкерлері қауіптің алдын алу шараларын білуі керек

Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» ММ-нің құтқарушылары суға шомылу маусымы қарсаңында «Арай» қалалық жағажайында су асты тексерістерін жүргізді.

Арай жағажайы – Қызылорда қаласының ең танымал демалыс орындарының бірі, сондықтан жағажайдағы су астын құтқарушылар демалушылардың қауіпсіздігі үшін жыл сайын қоқыстардан тазартады. Биыл да бұл шаралар толығымен орындалды.
Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы мамандары Арай жағажайының 20 қызметкеріне суға кетіп бара жатқан адамды құтқару тәсілдерін үйретті. Сонымен қатар құтқару шеңберін және арнайы құралдарын суға кетіп бара жатқан адамға лақтыру тәсілдерін, суға батқан адамға дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша теориялық және практикалық сабақтарын жүргізуде.


04 маусым 2019 ж. 52 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области